Ақындық өнердің таңғаларлық үлгісін көрсетіп, өз шығармаларымен барша қазақ елін тәнті еткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейлі мерейтойына орай Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында көпшілік қауымның назарына «Мен деп ойла» концерттік спектаклі ұсынылмақ.  

Жасөспірімдер мен жастарға және ересектер аудиториясына арналған аталмыш туынды қазақ поэзиясының бұлбұлы атанған классик ақынға құрмет білдіріп, таңғаларлық өнерін өскелең ұрпаққа дәріптеуді мақсат етеді.

Спектакль барысында Мұқағали атымыздың жүрекке жол табатын өлеңдерінен үзінділер оқылып, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне ие болған таңдаулы әндері шырқалып, настальгиялық, лирикалық, жан тебірентерлік атмосфера қалыптасады. Көрермендер қуыршақтардың сан алуан түрлерімен танысып, әсерлі хореографиялық номерлердің куәсі болады.

Қойылым соңында көрерменнің Мұқағали поэзиясына деген қызығушылығы артып, оның өлеңдерін қайта оқуға, сондай-ақ қуыршақ театрының өзге де спектакльдерін көруге деген ықыласы оянады.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының «Мен деп ойла» спектаклі көпшілік назарына 8 ақпан күні сағат 16:00-де ұсынылмақ.

«Билеттер театр кассасында және Ticketon сайтында қолжетімді. Қосымша ақпаратты театрдың ресми Instagram парақшасынан –  @kuyrshak_teatry таба аласыздар», – деп хабарлайды театр әкімшілігі.