Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кесте

Қазақ халық ертегісінің желісімен жазылған, жаңаша режиссерлік ұтқыр шешімдермен өзгешеленетін қазақы ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ұр.тоқпақ!» қойылымының басты ерекшелігі - қуыршақ кейіпкерлердің сан қырлылығанда. Аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түсіп қалған қазды құтқарып қалады. Қарапайым қазды емес таңғажайып данышпан Қазбайды құтқарған ақсақал мен кемпірі екеуінің өміріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қазбай ақсақалға алғыс ретінде «Піс қазан», «Құс есек» және «Ұр, тоқпақ» атты ерекше сиқырлы сыйлықтар ұсынады...
Қаңбақ шал – жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін кейіпкер. Ертегіде Қаңбақ шал қара күш иелері қара дәу мен қызыл дәуді айлакерлік күшпен жеңеді. Дәулерді даңғой, ақылсыз, құр кеуделер ретінде мысқылдайды. Ал, қарапайым Қаңбал шалдың мерейі үстем. Себебі, ол – ешкімге жамандық ойламайтын, өзінің адал еңбегімен, ақылымен күнелткен еңбек адамы. Қаңбақ шал – әлі күнге дейін тәрбиелік мәні бар халық даналығының куәсі.

Бақ біз туралы

Барлық мақалаларды оқу

Біздің серіктестер