Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қайырымдылық қойылым өтті

1 Желтоқсан 2021

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Шетсіз қала» жобасы аясында Алатау, Медеу, Түркісіб, Наурызбай, Әуезов аудандарының және «Бақытты отбасы» орталығының аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларына арнап «АЛТЫН АДАМ» қойылымының қайырымдылық көрсетілімін ұсынды. Театр ұжымы әр мереке сайын бүлдіршіндер мен ата-аналарына қайырымдылық мақсатта мәдени демалыс ұйымдастыруды дәстүрге айнылдырған.

Алтын адам – Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті жас көсемі, Қазақстанның азаттық символына айналған тұлға. Қойылымның көтерген тақырыбының өзектілігі сол – жас баланың азамат болып қалыптасу жолында түзу жолдан таймай, рухы биік, ержүрек батырға тән қасиеттерді бойына сіңіріп үйренуге дәріптейді.