Қазақша  |  Русский  |  English

Техникалық құрам

Қаламбаев Жолдасхан Омарханұлы

Қаламбаев Жолдасхан Омарханұлы

Сахнаны безендіру бөлімінің басшысы

Қаламбаев Жолдасхан Омарханұлы 1982 жылдың 22 наурызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында дүниеге келген.

1988 –1999 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында №158 қазақ орта мектебінде жалпы білім алған.

2001- 2003 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында №2086 бөлімінде әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 2004 жылдың сәуір айынан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахна машинисі қызметінен бастайды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында сахнаны безендіру бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Қазіргі таңда «Қазақ қатынас жолдары университетінде» «тасылмалдауды ұйымдастыру және қозғалыс» мамандығы бойынша  жоғары білімін жетілдіруде.