Артист
Асанбек Ұлан Болатбекұлы 2003 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылында дүниеге келген.
2008–2020 жылдар аралығында Шығанақ орта мектебінде оқып, тәмамдаған.
2020 жылы Алматы қаласындағы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша білім алған.
2022 жылдан бастап театрда әртіс болып жұмыс жасап келеді.
Театр сахнасында сомдаған рөлдері: «Ромео & Джульетта» – Ромео, «Алтын адам» – Азат, «Бекзат чемпион» – Хуарес, «Етік киген мысық» – Маркиз, «Қар ханшайымы» – Клаус, «Колобок» – Тимка, «Есте сақта, балақай» – Ағай. «Мен деп ойла», «Өмір -өзен», «Алтын балапан», «Аладдиннің сиқырлы шамы», «Қуыршақ думан»- көпшілік сахна.