Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Әбсаттар Гүлназ Қанатқызы

Әбсаттар Гүлназ Қанатқызы

Артист

Абсаттар Гүлназ Қанатқызы 1996 жылдың  16 қыркүйегінде Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында дүниеге келген.

2002 – 2013 жылдар аралығында Шардара орта мектебінде жалпы білім алған.

2013 – 2017 жылдар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Театр өнері» факультетінің «драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2018 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі ретінде қызмет етуде.

Қуыршақ театр сахнасында сомдаған рөлдері:

«Қуыршақ думан» - шығыс қыздары, үш торай, Майкл Джексон және т.б.,  «Бауырсақ» - қоян, «Көңілді қонжықтар» - Топ, «Қызыл телпек»  - қызыл телпек, «Қош, махаббат!» - Айша.