Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Cүлейменова Эльвира Маратбекқызы

Cүлейменова Эльвира Маратбекқызы

Артист

Сүлейменова Эльвира Маратбекқызы 1978 жылы Шығыс Қазақстан олысы Зайсан қаласының Шілікті совхозында дүниеге келген. 1994 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжін бітіріп, қуыршақ жанырының актрисасы мамандығын алғаннан кейін Мемлекеттік қуыршақ театрына жолдама бойынша жұмысқа жіберілді.

 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Сұғанақ ешкі» - кемпір, «Спорт Қожа» - артист, қожаның қолы, штанг, көтеретін палуан, «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» - Филуночка, сом, «Қаңбақ шал» - кемпір, түлкі, қызыл дәу, «Маша и медведь, Теремок» - бақа, ширма, «Көңілді қонжықтар» - апасы, балық, ара, торғай, кукушка, «Алтын балапан» - бақа, түлкілер, көбелек.

 

Дубляж:     2010 жылы «Ғарыштан келген Фил» - кино

                 2010 жылы «Иттердің достығы» - мултьфильм

                 2011 жылы Сериал

                 2011 жылы «Тарзан» - кино

                 2012 жылы «Маугли» - мултьфильм

                 2015 жылы «Али мен Ая» - мултьфильм

                 2015 жылы Уолт Дисней мультфильмдері