Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Тәуекелова Марал Зейнелқызы

Тәуекелова Марал Зейнелқызы 1973 жылы 1 шілдеде Өзбекістан, Қарақалпақстан, Нөкіс қаласында туылған. 1997ж. Ташкент мәдениет институтын бітіргеннен бері. Солжылдардан бастап Мемлекеттік қуыршақ театрында актриса болып үздіксіз жұмыс істейді. Алғашқы режиссерлік жұмысы 2017 жылы сахналанған "Мен депойла" қойылымы. 

2005 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төс белгісін иеленді.

2018 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы жүлдені иеленді.

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Али-Баба және 40 қарақшы» - Фатима, Зейнаб, «Бремен музыканты» - мысық, «Қызылтелпек» - жүргізуші, мама, әже, «Үшторай» - жүргізуші, нуф-нуф, наф-наф, «Айлакер түлкішек» - Түлкі, «Сотқарбұзау» - Кірпі, тулкі, «Аққу Жібек» - жеңгесі, нөкер, «Алтын балапан» - Түлкі, «Құманғазы» - Ауылкызы, «Маугли» - багира, «Алқызылгүл» (бишіқыз), «Алладиннің сиқырлы шамы» - Кәнизек, «Каштанка» - қаз, «Құтан мен қарақшы» - құтан, түлкі, «Орысхалықертегілері» - Мысық, Түлкі, «Жаңа жылдық қойылым», «Шыршаның туылған күні» - Цыған қызы, «Сиқырлы әлім» - жүргізуші, періште, «Мыстан кемпірдің шытырман оқиғасы» - Қар патшайымы, «Наурыз Думан», «Көңілді қонжықтар» - Кірпі, «Гадкий утенок» - әтеш, қаз, аққу, «Ақ тау туралыаңыз» - ертекші, «Морозко» - Паша, «Қаңбақ шал» - кемпір, «Түймеқыз» - Түймеқыз, «Ана – Жер Ана» - Толғанай.