Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Карибаева Меруерт Қонақбайқызы

Карибаева Меруерт Қонақбайқызы 1983 жылы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Ж. Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінде білім алған. 2008 жылдан бастап Мемлекеттік Қуыршақ театрында қызмет етіп келеді.

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Алқызыл гүл» - Настя, «Көңілді қонжықтар» - Топка, «Үшторай» - Ниф-Ниф, «Қызыл телпек» - Қызыл телпек, тышқан, «Морозка» - күшік, «Аққу жібек» - нөкер, «Алтын балапан» - бақа, түлкі, көбелек, «Арыстанның қорқынышын қалай емдейміз?» - тотықұс, «Каштанка» - күтуші, «Солдатский котелок» - Гитлер, устрашист, «Орыс халық ертегілері» - тышқан, «Бағдаршам» - мысық, «Мен деп ойла», «Аква ертегіде» - Инфанта-Акванта ханшайым, «Құлыншақ пен бөлтірік» - құлыншақ, «Тоба» - жендет қасқыр, «Арман әлемі» - түлкі, «Медея» - Гера.