Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жүнісова Еркеш Қазтайқызы

Жүнісова Еркеш Қазтайқызы 1961 жылы 17 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Абай атындағы 1983 жылы вокал- хор студия оқу курсын бітіреді. 1996 жылы Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтын үздік бітіреді. 2007 жылдың тамыз айынан МКҚК «Мемлекттік қуыршақ театрында» артисі болып жұмыс істейді. 

2009 жылы Прагада өткен фестивальде гранпри иегері.

2009 жылы Алматы қаласының әкімінен «Үздік әртіс» дипломын алды.

2010 жылы Алматы қаласының әкімі А.Есімовтың құрмет грамотасын иегері.

2012 жылы қоғамдық театраралық кеңестің директоры Е.Обаевтың құрмет дипломымен марапатталды

2012 жылы ІІ-ші Бүкіләлемдік Қуыршақтар карнавалына қатысқаны үшін марапатталды

2015 жылы  Мемлекеттік қуыршақ театры Алхыс хат иегері

2016 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрының 80 жылдығына орай Алматы қаласы әкімінің орынбасары З.Аманжолованың  Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген.

Сахнада  ойнаған рөлдері: «Заветное слово» - Жезтырнақ, «Ақ құс туралы аңыз» - ағасы, «Колобок» - колобок, «Спорт Кожа» - жалқаулық, «Алқызыл гүл» - Капа, «Аладинның сиқырлы шамы» - Сұлтан, «Али-Баба және қырық қарақшы» - қарақшы, «Аяз ата мен жаз» - Аяз ата, «Құтан мен қарақшы» - құтан, «Сотқар бұзау» - аю, «Көңілді қонжықтар» - қонжық, «Мальчик - Кибальчик» - ата, «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» - ёрш, «Бремен музыканттары» - атаманша, «Қуыршақ думан» - петрушка, «Каштанка» - Хавронья Ивановна, «Түйме қыз» - ертекші.

Кинода ойнаған рөлдері: «Жаралы сезім» - мама, «Менің де атым Қожа», «Айша» - директор музея, «Городские легенды», «Болашак» - врач, кинофильмдеріне түсті.

2022 жылы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысымен театр өнеріне қосқан үлесі үшін "МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" төсбелгісімен марапатталды. 

2023 жылы 29 наурыз - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" медалімен наградталды.