Қазақша  |  Русский  |  English

«Taza.kz»

Жанр: Қуыршақ қатысатын клоунада
Автор: Алияр Нұраділ
Қоюшы-режиссер: Алияр Нұраділ
12+

«TAZA.KZ» – адамның өмірге келген сәттен бастап, түрлі сынақтардан өту жолында ішкі тазалығын сақтап қалудың маңызын философиялық астарлы сюжетпен жеткізетін қуыршақ қатысатын клоунада жанрында сахналанған сөзсіз спектакль. Оқиға шапшаң қимыл-қозғалыс, сахналық әрекет пен пластика арқылы өрбиді. Кейіпкерлердің өзара әрекеті мен күтпеген оқиғалар спектакльге ерекше қарқын береді. Мұнда «тазалық қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмей, адамның ойы, ниеті мен іс-әрекеті арқылы да көрініс табуы керек»-, деген ұстанымы бар туынды. Спектакль көрерменді өз әрекетіне назар аударып, ішкі тазалық пен сыртқы ортаның байланысы туралы ойлануға шақырады.