Қазақша  |  Русский  |  English

«Алты жасар Алпамыс»

Жанр: Драма
Автор: Жазира Ахметова (инсценировка авторы)
Қоюшы-режиссер: «Алты жасар Алпамыс»
5+

Бала қиялының шегі бар ма? Алты жасар Алпамыстың үлкен өмірге деген арманы неден басталады? Қазақ киносының алтын қорынан орын алған Абдолла Қарсақбаевтың көркем фильмінің негізінде сахналанған спектакль қуыршақ театрының сахнасында жаңа көркемдік шешіммен көрерменге жол тартты. «Алты жасар Алпамыс» – мектепке баруды асыға күткен зерек те алғыр баланың балалық әлеміне жетелейтін спектакль. Басты кейіпкер Алпамыстың арманы мен алға қойған мақсаты, оның досы Қалиханмен бірге өткізген қызықты сәттері спектакльдің оқиға желісіне арқау болады. Алпамыстың айналасындағы Мұнар ата, ата-анасы мен мектеп мұғалімі де оның өміріндегі маңызды адамдар ретінде көрініп, баланың қалыптасуына, дүниені тануына ықпал етеді. Бір кездері бәріміз де Алпамыс сияқты мектепке асығып, үлкендердің қатарына қосылуды армандадық. Алғашқы арман, балалық достық, жақындардың қамқорлығы мен өмірге деген қызығушылық – уақыт өтсе де ұмытылмайтын естеліктер. Ендеше, Алпамыспен бірге балалық шақтың сол бір қымбат сәттеріне қайта оралайық! Келіңіз. Көріңіз.