
Жанр: Драма
Автор: Марал Тауекелова
Қоюшы-режиссер: Марал Тауекелова
+12
Поэзияның шыңына жеткен Мұқағали Мақатаев жырлары арқылы театр артистері қуыршақтармен бірге өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсетеді. Поэтикалық кеште ақиық ақынның туған жер, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б тақырыбын қозғаған лирикалық туындылары ұлттық сипатта көрініс тауып, қуыршақтар арқылы көрерменге жол тартады.