Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театр қоржынында жаңа олжа - "Үздік театр" номинациясы

15 Маусым 2022

Күні кеше, маусымның 14-і күні, оңтүстік астанамыз Алматы қаласында Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен "ЕҢЛІКГҮЛ-2022" кәсіби театр сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. 

Республикалық деңгейде өткізілген мерекелік шарада Алматы қаласының Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры "ҮЗДІК ТЕАТР" номинациясын иеленді. 

Барша ұжымды және жеңімпаз атанған әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз! 

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ҰСЫНАР ҚЫЗЫҚТАН ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗДАР! 

Өнер мерекесін ұйымдастырған Алматы қаласының әкімдігіне, Театр қайраткерлері Одағына және оның жетекшісі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзаға зор алғыс білдіреміз!