Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ӨНЕР ОРДАМЫЗДЫҢ СҮЙІКТІ КӨРЕРМЕНДЕРІ!

18 Наурыз 2020
Республикамызда орын алған төтенше жағдайларға байланысты, COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын алу мақсатында театрдың айлық репертуарындағы қойылымдары уақытша тоқтатылғаны белгілі. 
Десек те, патша көңілді көрермен мен талғампаз оқырмандарымыз үшін Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры ОНЛАЙН режимде жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз
БІЗ СІЗДЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ!