Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

АНКАРА САХНАСЫНДА РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА

17 Қазан 2019

 

Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры ағымдағы жылдың 19 – 27 қазан аралығында театр әлемінің тарландары бас қосатын дүбірлі дода V Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлар фестивалінде РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА (авт.: У.Шекспир, реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен бақ сынамақ.

Сан жылдар бойы театр сахнасының ескірмес трагедиясы болып келе жатқан У.Шекспир шығармасының ҚУЫРШАҚ бейнесіндегі заманауи үлгісі Анкара театр сүйер қауымын бей-жай қалдырмайтындығына сеніміміз мол.

«Ромео мен Джульетта» спектаклі Ресей Федерациясы Қазан қаласындағы XIV Халықаралық «Наурыз» түркі халықтарының театрлық білім беру форум-фестивалінің үздік қатысушысы.