Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ПРЕМЬЕРА

8 Қазан 2019

Қасиетті өнердің қайнар көзіне айналған ғажайып орда Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры мерейлі 85-ші маусымының ашылу салтанатында сүйікті көрермендерін достық пен адалдыққа, табандылыққа жетелейтін «АУЫЛ ИТІ - АҚБАЙ» (авт.: Т.Миннуллин, реж.: Е.Кабдыл) спектаклінің премьерасына шақырады.

Спектакль премьерасы 10,11 қазан күндері сағат 11:00-де (қазақ тілінде) және 12:30-да (орыс тілінде) сахналанады.