Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ТЕАТР ТЫНЫСЫ. ЕМТИХАН

1 Тамыз 2019

Бүгін Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының бірқатар артистері біліктіліктерін арттыру мақсатында өтетін ВОКАЛ және БИ сабақтары бойынша көркемдік кеңеске емтихан тапсырды.

Әуезді ән мен пластиканы игере білу артист үшін қашан да маңызды. Осы ретте, кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықтарының шарықтауы жолында тынымсыз іденістерін көрсеткен әріптестерімізді бүгінгі жоғарғы деңгейдегі өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!