Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - ЖОЛДАУ!

10 Қыркүйек 2019

 

Бүгін еліміз үшін аса өзекті де өткір мәселелерге кеңінен тоқталып, келелі келешекке анық мақсат, айқын бағыт, нық сеніммен үміт артқызған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы театр қызметкерлері арасында да кеңінен талқыланды. Жолдауда айтылған бағыттарға байланысты тапсырмаларды айқындау, негізгі мақсат міндеттерді жүзеге асыру және Жолдаудың маңызы мен артықшылықтарын насихаттау мақсатында театр директоры Есеналиев Талғат Қамқабайұлы Жолдауда көрсетілген тармақтарға тоқтала келе театр қызметкерлері арасында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында театр қызметкерлері, директордың дамыту жөніндегі орынбасары Алмат Абдрахманов, Гүлжамиля Ілиясова, Бақытжан Қаюов, Руслан Абу сынды артистер құрамы жолдауда көрсетілген мәселелерді, соның ішінде мәдениет қызметкерлерінің қазіргі және болашақтағы ахуалын атап көрсетіп, қоғам үшін ұтымды тұстарын баса айтып өтті.

Жиналыс соңында әдебиет бөлімі меңгерушісі Жазира Ахметова Қазақстан театр қайраткерлері одағына мүшелікке өткен театрдың қызметкерлері Чужетов Қайрат, Қайранбеков Асан, Момынжанов Болат, Көпбаева Гүлім, Қонысбаева Ақмарал, Батырханов Мейірхан, Нұрәділ Алиярға арнайы куәлік табыс етті.

Жарқын болашақ жолындағы жалынды еңбек иелері үшін биылғы Жолдау мол мүмкіндік сыйлайды деп сенеміз!