Гянджа Мемлекеттік қуыршақ театрының «Етік киген мысық» спектаклі

 

Жанр: музыкалық қуыршақ спектаклі

Жас ерекшелігі: 10+

Ұзақтығы: 45 минут

 

Тілі: Әзірбайжан тілі

Өтетін орны: Кіші зал

Өтетін уақыты: 22-қазан, 15:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- автор – Шарль Перро

- режиссер әрі музыкамен көркемдеуші – Шамиль Мамедли

- суретші – Энтига Бадирова

- Суретші-декоратор – Махаммад Гаджиев

 

Спектакль туралы:

«Кот в сапогах» – веселый и увлекательный кукольный спектакль о находчивом и смелом коте, который с помощью своего ума, хитрости и доброго сердца помогает бедному юноше обрести счастье и исполнить свою мечту. На пути героев ждут неожиданные приключения, интересные встречи и забавные ситуации. Спектакль учит детей верить в себя, ценить дружбу, быть смелыми и находить выход из любых трудностей.

 

Театр туралы:

Әзірбайжанның Гянджа қаласында орналасқан Гянджа мемлекеттік қуыршақ театры 1986 жылғы 18 қыркүйекте құрылған. Театр 1885 жылы неміс қауымдастығы лютеран шіркеуі ретінде салған тарихи ғимаратта орналасқан. Шығармашылық жолында ұжым әзірбайжан халық ертегілері, ұлттық әдебиет пен әлем классиктерінің шығармалары негізінде 120-дан астам қуыршақ спектаклін сахналаған. Театр репертуары жыл сайын төрт жаңа қойылыммен толығып отырады. Шығармашылық ұжым Түркия, Қазақстан, Болгария, Украина, Грузия және Австрияда өткен халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, түрлі марапаттарға ие болған. Театрдың маңызды жетістіктерінің бірі – 1991 жылы Әзірбайжан Театр қайраткерлері одағының «Алтын дәруіш» сыйлығын иеленуі. Бүгінде Гянджа мемлекеттік қуыршақ театры ұлттық қуыршақ өнерінің дәстүрлерін дамытып, жас көрермендерді әзірбайжан және әлем мәдениетінің бай мұрасымен таныстырып келеді.