Гах Мемлекеттік қуыршақ театры / Гах қаласы, Әзірбайжан
Автор: Низами Гянджәви
Режиссер әрі композитор: Абдурахманов Юсиф Фикрет оғлы
Суретші: Абдуллаев Майис Видади оғлы
Жас: 12+
Ұлы әзербайжан ақыны Низами Гянджәвидің «Жақсылық пен Жамандық» поэмасының желісі бойынша Гах мемлекеттік қуыршақ театрында сахналанған бұл пантомима көрермендерді ізгі істерге шақырады.
Даналыққа толы қойылымда көрермендер Жақсылықтың мейірімі мен қадір-қасиетін дәріптеп, Зұлымдықтың айлакерлігі мен күйретушілігіне наразылық білдіреді.
Қойылым әзербайжан тілінде өтеді.