Надирбек Шамурзаев атындағы Ош облыстық қуыршақ театры / Ош қаласы, Қырғызстан
Автор, режиссер, суретші: М. Абдуллаев
Музыкалық көркемдеуші: М. Мадрахимов
Жас: 7+
Спектакль – заманауи балалардың смартфондарға шамадан тыс әуестену мәселесін көтеретін маңызды әрі тәрбиелік мәні зор туынды. Телефонның баланың мінез-құлқы мен тәрбиесіне қалай кері әсер ететіні спектакльдің өзегі ретінде көрініс табады. Спектакльдегі басты кейіпкер – ата-анасы нәпақа табу үшін Ресейге кеткен, әжесімен бірге тұратын қарапайым ауыл баласы. Ол күні-түні қолынан телефонды тастамайды, бүкіл өмірі экранға телміріп өтеді. Бір күні үйдегі барлық заттар – жиһаз, ыдыс-аяқ, тіпті тұрмыстық техника да тіріліп, баланың бұл әрекетіне наразы болып, оған қарсы шығады. Қорқытып, ескерту жасап, баланы дұрыс жолға салуға тырысады. Көрерменге ой салатын, балаларды гаджеттен алыстатып, шынайы өмірмен байланыс орнатуға шақыратын әсерлі оқиға.
Қойылым орыс тілінде өтеді.