Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының қуыршақ труппасы / Қарағанды қаласы, Қазақстан

 

Автор: Гримм ағайындылары

Инсценировка авторы: Е.Ионов

Қоюшы режиссер: А.Зайцев

Суретші: Ю.Чернова

Музыка: Ж.Жасұлан

Жас санаты: 12+

 

«Қаршақыз және жеті ергежейлі» – ертегісі қашанда жақсылықтың түбі жамандық атаулыны жеңетінін дәлелдейтін қызықты да, таңғажайыпқа толы көрініс.

Басты кейіпкер – сұлу ханшайым. Қаршақыздың сұлулығына, табиғи болмысына қызғанышпен қараған зұлым да, іші тар өгей шешесі – патшайым туралы оқиға. Қызғаныштың әсерінен Патшайым орманшыға Қаршақызды өлтіруге бұйрық беріп, өміріне қауіп төндіреді. Алайда, күтпеген жерден Қаршақыз жеті ергежейлімен танысып, олардың үйінде өмір сүре бастайды... Ертегінің басты ойы – зұлым күштер не істесе де, жақсылық түптің түбінде жеңіске жететіндігін баяндайды. Ертегінің тәрбиелік мәні – өзгелердің жетістігіне қызғанышпен қарамай, мейірімді әрі жанашыр болуға үйретеді. Қатігездік пен қызғаныш – адамды іштен жейтін жаман қасиеттер екенін ашып көрсетеді.

 

Қойылым қазақ тілінде өтеді.