Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Алматы қуыршақ театрында «Шекпен» қойылымының премьерасы өтті

27 Сәуір 2024

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында Николай Гогольдің әйгілі «Шинель» повесінің желісімен «Шекпен» қойылымыныңтұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шара көрермендерді де, театр сыншыларын да бейжай қалдырмады.

«Шекпен» қойылымы қуыршақ театры шығармашылығына жаңа серпіліс беріп, театр репертуарында өзіндік ерекше орнынқалыптастырдыГрузия елінен арнайы шақырылған білікті әрі белгілі режиссер Николоз Сабашвилидің жетекшілігімен сахналанған бұл туынды өзіндік өзгеше атмосферасымен, стилімен, терең философиялық ойларымен көрермендерді таңдандырды.

Қуыршақ театрының артистері де спектакль барысында аянбай еңбектеніп, қуыршақтарды және заттарды орынды ойнатып, командалық рухты сездіретін үйлесімді ансамбль көрсете білді. Басты рөлді орындаған дарынды артист Шохан Құлназаров басты кейіпкердің бейнесін жан-жақты әрі айқын ашып, зор қошеметке ие болды.

Николоз Сабашвили аталмыш қойылымның пайда болуы турасында келесідей ойларын айтып өтті: «Бұның бәрі шығармашылық пікірл алмасу мен жаңа идеяларды талқылау нәтижесінде қалыптасқан достықтан басталды деп айта аламын. Мен бұл қалада бірінші рет емеспін, әсем Алматы қаласына бұл менің үшінші рет сапар шегуім. Өткен жылы мен Халықаралық «Ортеке»қуыршақ театры фестивалі кезінде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры директорымен танысқан болатынмын. Содан кейін біз бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылап, артынан Грузия Қуыршақ театрлары бірлестігі мен Мемлекеттік қуыршақ театры арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Міне, содан бері бір жыл өте мен тағы да Алматы қаласында тұрмын. Қуыршақ театрының ұжымы мені өте жылы қабылдады, ал өзіңізді жайлы сезінген жерде жұмыс істеу де оңайырақ және қызықты болады. Мен осы театрда спектакль қоюға келіскенімді дұрыс шешім деп есептеймін...».

 

«Шинель» – бұл тек көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын қойылым емес, сонымен қатар, бұл ең талапшыл көрермендерді де қанағаттандыра алатын интеллектуалды туынды.

 

"ADYRNA" порталы

Сілтеме: https://adyrna.kz/post/195867