Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кесте

Жасөспірімдер және ересектер аудиториясына арналған «Шекпен» қойылымы ескі шекпені әлеуметтік мәртебесінің символына айналған Акакий Башмачкин есімді қарапайым шенеуніктің елеусіз өмірін баян етеді. Тігіншінің кеңесінен шабыт алған Акакий жаңа шекпенге тапсырыс беріп әріптестерінің үлкен таңданысын тудырады. Алайда, жаңа шекпен үшін белгісіз адамға тоналып, зардап шеккен оның қуанышы қайғыға ұласып, көңіліне көлеңке түседі. Айналасынан әділеттілік іздеген Акакий, асқан немқұрайлылық пен қатыгездікке тап болады. Терең философиялық астарға ие қойылымда режиссер адам табиғатына тән екіжүзділік, қызғаныш пен қатыгездік сынды қараңғы жақтарды ерекше режиссерлік және сценографиялық шешімдермен, түрлі символдармен көрсетеді. Өмірлік құндылықтар мен әділеттіліктің маңызын дәріптейтін қойылым көрермендерді «адам» болуға үндейді.
Барлығымыздың бойымызға бала кезімізден қайырымдылықты, қарапайымдылықты сіңірген әйгілі «Шалқан», «Үйшік», «Маша мен Аю» атты үш бірдей классикалық туындылар «Орыс халық ертегілері» қойылымына енген. «Шалқан»: Саусақ бірікпей, Ине ілікпейді. «Маша мен аю»: Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт. «Үйшік»: Ынтымақты үйдің бағы бар, Ынтымақ кетті, бақ кетті.
Қазақ халық ертегісінің желісімен жазылған, жаңаша режиссерлік ұтқыр шешімдермен өзгешеленетін қазақы ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ұр.тоқпақ!» қойылымының басты ерекшелігі - қуыршақ кейіпкерлердің сан қырлылығанда. Аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түсіп қалған қазды құтқарып қалады. Қарапайым қазды емес таңғажайып данышпан Қазбайды құтқарған ақсақал мен кемпірі екеуінің өміріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қазбай ақсақалға алғыс ретінде «Піс қазан», «Құс есек» және «Ұр, тоқпақ» атты ерекше сиқырлы сыйлықтар ұсынады...
Барлығымыздың бойымызға бала кезімізден қайырымдылықты, қарапайымдылықты сіңірген әйгілі «Шалқан», «Үйшік», «Маша мен Аю» атты үш бірдей классикалық туындылар «Орыс халық ертегілері» қойылымына енген. «Шалқан»: Саусақ бірікпей, Ине ілікпейді. «Маша мен аю»: Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт. «Үйшік»: Ынтымақты үйдің бағы бар, Ынтымақ кетті, бақ кетті.

Бақ біз туралы

Барлық мақалаларды оқу

Біздің серіктестер