Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Ахметова Жазира Әміржанқызы

Ахметова Жазира Әміржанқызы 10.02.1976 жылы Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген.

1992 - 1994 жылдары  Қаскелең мәдениет ағарту училищесін, 1997 - 2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясын профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншысы Әшірбек Сығайдың шеберханасынан 2003-2006 жылы Аспирантураны театр сыны бойынша тәмамдаған.

2016 жылы Педагогика Магистрі атағын алған.

2004-2006 жылдары Қазақстан театр қайраткерлері Одағында редактор,        

2003 жылдан бастап Ж.Елебков атындағы Республикалық Эстрада Цирк колледжінде, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аға оқытушы.

2010-2015 ж Жамбыл облыстық А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

2015 жылдан Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Ж.Ахметова «Халықаралық Шабыт фестивалінің», Республикалық жас ақын қыздар байқауының» лауреаты.

2009 жылы Жазушылар Одағының қолдауымен Мұқағали қорынан «Жазылмаған ертегі» атты жеке авторлық  кітабы жарық көрген. «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы», «Ай нұры», «Жас толқын», «Жыр десте», «Мәртебелі поэзия» жинақтарына   бір топ жырлары енген.

«Қазақ қуыршақ театры» кітабының редакторы.

2022 жылы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысымен театр өнеріне қосқан үлесі үшін "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.