Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Құлназаров Шохан Жалғасбайұлы

Құлназаров Шохан Жалғасбайұлы 1994 жылы 9 тамызда Алматы облысы, Іле ауданында туылған. 2010-2013 ж.ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің Актер шеберлігі бөлімі «Қуыршақ театрының актері» мамандығы бойынша бітірген. 2013-2016 ж.ж. Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алып шықты.

 

2016 жылы ҚР Тәуелсіздіктің 25 ж орай Алматы қалалық маслихатының хатшысы Қ.Қазанбаевтың «Құрмет грамотасын» иеленді.

 

Сахнадағы ойнаған рөлдері|: «Буратино» - Пьеро, акработ, Базилио, «Қызыл телпек» - мысық, «Сұғанақ ешкі» - Шарик, «Кішкентай ханзада» - звездочет, «Шығыс ертегілері» - қоян, «Алтын балапан» - қасқыр, «Көңілді қонжықтар» - Топ, «Түйм еқыз» - қоңыз, «Алтын адам» - Азат батыр, Алтын адам, «Морозка» - аю, «Құлыншақ пен бөлтірік» - арлан,  «Тоба» - немере, «Аква ертегі» - Иван дурак, «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» - Хрип, «Ана жүрегі» - ұл бала, «Қаңбақ шал» - режиссёр, қара дәу, түлкі, «Сағыныш шөбі» - жаршы, «Медея» - Аид.

2022 жылы егемен еліміздің дамуына сіңірген адал еңбегі үшін "Қазақ Қоғамы Қайраткерлері" ұйымының арнайы шешімімен "Құрмет белгілі" төсбелгісімен марапатталды. 

2022 жылы қазан айында Болгария Республикасының Варна қаласында өткізілген 17 Халықаралық "Алтын дельфин" қуыршақ театрлары фестивалінде "Ромео мен Джульетта" қойылымындағы Тибальт, Лоренцо, Капулетти, Монтекки, Бенволио рөлдері үшін "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясымен марапатталды. 

2022 жылы қазан айында Көкшетау қаласында өткізілген 4 Халықаралық "ТеART-Көкше" театр фестивалінде Ақмола облыстық орыс драма театрының негізін қалаушы, белгілі режиссер, актер Яков Аронұлы Куклинский атындағы арнайы сыйақы иегері атанды.