Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Ильясова Кулжамиля Айыпқызы

Ильясова Кулжамиля Айыпқызы

Артист

Ильясова Кулжамиля Айыпқызы –1955 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген.

1993 жылы М.Ұйғұн атындағы Ташкент мемлекеттік өнер институтын «Қуыршақ театрының актері» мамандығы бойынша бітірген.

1975 жылдан бастап «Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры» КМҚК артисі қызметін атқарып келеді. 2004–2013 жылдар аралығында негізгі шығармашылық қызметімен қатар режиссердің көмекшісі міндетін қоса атқарған. Қуыршақ жүргізу шеберлігі, сахналық пластикасы және кейіпкерлерді дыбыстау шеберлігі жоғары деңгейде қалыптасқан маман.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының ардагер артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Театрда ойнаған рольдері: «Сәбираның әлегі», «Ынжық Ораш», «Балабек», «Ақымақ арыстан», «Алладиннің сиқырлы шамы», «Қаңбақ шал», «Қожа спорт», «Тарқамайды тойымыз», «Үш торай», «Аққу Жібек», «Атамекен», «Чемпион Қожанасыр», «Керуен дала», «Наурыз-Думан», «Көңілді қонжықтар», «Аяз ата – 2008», «Наурыз»,«Аққу Жібек», «Али Баба және қырық қарақшы», «Кішкентай құтан мен Қарақшы», «Кішкентай бақаның үлкен оқиғалары», «Атамекен», «Алладиннің сиқырлы шамы», «Тарқамайды тойымыз».

2004 жылы театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «ҚР Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.

2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайықты деп табылды..

2010 жылы Алматы қаласы әкімінің арнайы алғыс хатына ие болды.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Театр қайраткерлері одағы төралқасының шешімімен «Дара» төсбелгісімен марапатталды.

2025 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.