БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:

  • Байқау Алматы қаласының туған күніне орай онлайн форматта ұйымдастырылады;
  • Байқауға 7-12 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады;
  • Қатысушылар Алматы қаласының табиғаты, көрікті жерлері, немесе тарихи ғимараттары бейнеленген А3 немесе А4 пішіміндегі бір суретті жіберуі тиіс (гуашпен, акварельмен, түрлі-түсті қарындашпен, фломастермен салынған);
  • Суреттің оң жақ төменгі бұрышына қатысушы өзінің толық аты-жөнін, қала немесе ауыл атауын, мектебін және сыныбын жазуы қажет;
  • Қатысушылар жұмысты 12 қыркүйекке дейін WhatsApp арқылы +7 777 128 9418 нөміріне толық аты-жөні мен байланыс нөмірін көрсетіп жіберуі тиіс;
  • Сапасы төмен жұмыстар байқауға қабылданбайды;
  • Жұмыстарды қабылдау 12 қыркүйекте аяқталады.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

  • Марапаттау рәсімі 15 қыркүйек күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының ғимаратында (Пушкин к-сі, 63) өтеді;
  • Жеңімпаздар театрдың көркемдік кеңесінің шешімімен анықталады;
  • Жеңімпаздарға I орын (бір адам), II орын (екі адам), III орын (үш адам) және ынталандыру дипломдары беріледі;
  • Театр әкімшілігі тарапынан жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады;
  • Байқау қорытындылары театрдың ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.