Отбасы күні біздің қоғамымызда өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің арта түсуіне ықпал етеді. Мерекенің маңызын арттыру мақсатында Алматы Мәдениет басқармасы және Мемлекеттік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті. Мерейлі мереке күні кішкентай бүлдіршіндерімізге төмендегі іс-шаралар ұсынылды: 

✅ Аниматорлармен қызықты-танымдық ойындар;

✅Отбасылық шеберлік сағаттары;

✅ Қойылымдар.