Қазақша  |  Русский  |  English

Алматының алмасы

Жанр: Аңыз
Автор: Григорий Лайко
Қоюшы-режиссер: Григорий Лайко
7+

Қала тарихын бір ғана алманың бойына сыйғызуға бола ма?! Ал оның тамыры тереңге кетсе, бұтақтары талай дәуірдің оқиғасын жалғастырса ше? «Алматының алмасы» – көрерменді Алатау баурайындағы әсем қаланың өткені мен бүгінін ертегілік әлем арқылы таныстыратын спектакль. Спектакльдің оқиға желісі ескі алма ағашының төңірегінде өрбиді. Атай өзінің ауылға демалысқа келген немерелері Айлин мен Нурикке түрлі аңыздар мен қызықты әңгімелерді баяндап береді. Көрермен алма ағашының сырлы әлеміне еніп, Алматының тарихымен, қаланың өзіндік болмысымен танысады. Сахнадағы оқиғаларда алма жай ғана жеміс емес, уақыт пен ұрпақтарды байланыстыратын көркем бейнеге айналады. Көлеңке театрының мүмкіндіктері арқылы өрілген Алтын адам, айдаhар туралы аңыз, тас дәуірі секілді оқиғалардың ертегілік сипатын күшейтіп, кішкентай көрерменнің қиялына жол ашады. Алматының символына айналған алма туралы не білеміз? Оның артында қандай тарих, қандай сыр жатыр? Ендеше, Айлин және Нурикпен бірге қарт алма ағашының құпиясына бірге үңілейік! «Алматының алмасы» – туған қаланың тарихын қуыршақ тілімен баяндайтын, өткен мен бүгінді жалғаған сахналық саяхат. Келіңіз. Көріңіз. Алматының сырлы әлемін бірге ашайық!