Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Анасын іздеген Мамонт

Жанр: Ертегі
Автор: Жазира Ахметова
Режиссер: Алияр Нұрәділ
+3

Сонау Антарктиданың мұзды аралында керемет таңғаларлық оқиға орын алды. Күндердің бір күнінде сан мыңдаған жылдар бойы ерімеген мұз еріп, ішінен қашан дүниеге келгені белгісіз кішкентай мамонттың баласы пайда болады. Алпауыт әлемде анасын жоғалтқан кішкентай мамонттың мұхит асып ерлікпен мақсатына жету жолындағы таңғажайып оқиғасы тұңғыш рет қуыршақтар образымен әрленіп ерекше әсерге бөлері анық. Ертегі кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес ересектер жан дүниесін де сәуле себер сәттерімен баурап, мейірімділікке, жанашырлыққа, батылдық пен мақсатшылдыққа тәрбиелейді.