Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Шал мен теңіз

Жанр: Аңыз
Автор: Эрнест Хемингуей
Режиссер: Дина Жұмабаева
+16

Телегей теңіздің таңғажайып сұлулығымен қатар, сұрапыл дауылы мен сұсты мінезін, өмір ішінен өлім, өлім ішінен өмір іздеген Кубалық балықшы Сантьяго шал және марлин балығы арасындағы алыс арманға ұмтылыс пен жанкешті күресті баяндайтын «Шал мен теңіз» қойылымы белгілі американдық жазушы Эрнест Хемингуэйдің повесі бойынша сахналанған. Адамның арманға деген адалдығы, оған жету жолындағы тартысқа толы арпалысы мен күресін, үзілмес үміт пен күдікке байланған тағдырын баяндайтын қойылым тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатпақ.