Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Romeo & Juliet

Жанр: Трагедия
Автор: Уильям Шекспир
Режиссер: Дина Жұмабаева
+18

Әлемдік классика кейіпкерлері қуыршақ тілінде үн қатады. Шырғалаңға толы бұл қойылым трагедия емес. Бұл махаббат сұлулыққа сүйсінуден, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған. Махаббат, өшпенділік, сағыныш пен батылдықты заманына сай түлеткен режиссер шешімі мен актерлік ойын таңдандырмай қоймайды. Спектакль адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы болмақ.