Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Аладдиннің сиқырлы шамы

Жанр: Ертегі
Автор: Нина Гернет
Режиссер: Сұлтанғали Шүкіров
+3

Ертегі Бағдат шаһарында тұратын кедей баласы, ақылды, ержүрек, епті де мейірімді Аладдин жайында. Жетімдіктің дәмін татқанына қарамастан ол айналасына қамқорлығын танытады. Қап түбінен тауып алған ескі шамы арқылы Аладдин Сұлтанның қызы– Будур ханшайымға қол жеткізіп, жолында кездескен түрлі тосқауылдарды жеңіп, түбінде арманына жеткендігі кішкентай бүлдіршіндерді бей-жай қалдырмайды.

Билет алу