Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғасы

Жанр: Ертегі
Автор: Э.Быстрицкая
Режиссер: С.Тропанин
+3

Ертегіде кішкентай бақа өз үйінен жырақтап, айға ұшып кетеді. Мұнда ол Ай ғаламшарының тұрғындарымен танысып, басынан керемет оқиғаларды кешіреді. Алайда, бақа көлдің бетін мұз басып, қатқанша үйіне оралуы тиіс. Қойылымның қызықты оқиғалары көрерменді таңғажайып аспан әлемінің кереметтерімен таныстырып, сиқырына бөлейді. Көз қуантарлық қуыршақтар ойыны көрерменді бей-жай қалдырмайды.