Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Руханият" бағдарламасы назарында қуыршақ театра | ABAITV

13 Мамыр 2021

 

Өнер ордамыздың шығармашылық тынысы #ABAI_TV телеарнасының "Руханият" бағдарламасының назарында. Қонақта: қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, театр режиссері Оразалі Ақжарқын-Сәрсенбек, қуыршақ театрының артисі Гүлім Рахимова, театр сыншысы Мәншүк Тәшімова. Бағдарлама аясында еліміздегі қуыршақ театры өнеріне қатысты маңызды мәселелер талқыланады.