Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Ұлағатты ұрпақ» жобасы | артист Еркеш Жүнісова дәрісі | «Мемлекеттік қуыршақ театры» (орысша)

22 Қаңтар 2021

 

Құрметті жанкүйерлер! Қуыршақ театрының артисі Еркеш Жүнісова «Ұлағатты ұрпақ» онлайн мәдени-білім беру жобасы аясында берген дәрісін назарларыңызға ұсынамыз!

 

«Ұлағатты ұрпақ» – мектеп жасындағы балаларға онлайн форматта мәдени білім беруге бағытталған жоба. 2020 жылдың қазан айында іске қосылған. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі бастамасы бойынша жүзеге асырылған. Жоба аясында бейнелеу өнері, театр, музыка, кино саларымен қатар Қазақстанның киелі жерлері, еліміздің атақты тұлғалары, этикет мәселесі жөнінде қазақ және орыс тілдерінде дәрістер беріледі. Олардың ұзақтығы 10-15 минут аралығында. Әрқайсысы мектеп оқушыларының сынып деңгейіне негізделіп түсірілген. Яғни бірінші сыныптағыларға, екінші сыныптағыларға, солай-солай он бірінші сыныптағыларға дейін.

Дәл осы жобаға Мемлекеттік Қуыршақ театрының артисттері қатысып, лектор ретінде дәріс бейнебаяндарын дайындаған еді. Сондай бейнебаяндардың бірі – театрымыздың артисі, мәдениет саласының үздігі Еркеш Жүнісова бесінші сынып оқушыларына Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жөнінде орыс тілінде қызықты әрі түсінікті етіп берген дәрісі. Бейнебаян көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз!