Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мемлекеттік қуыршақ театрының бас суретшісі Ақжол Белғожаевтың шығармашылығы СТВ арнасында

22 Қаңтар 2019

СТВ телеарнасынан "БҰЛ МЕНІҢ ӨМІРІМ" бағдарламасының кезекті саны өнер ордамыздың бас суретшісі АҚЖОЛ БЕЛҒОЖАЕВТЫҢ шығармашылық жолына арналды.

Директордың дамыту жөніндегі орынбасары Алмат Абдрахманов, Қуыршақ жасау бөлімінің меңгерушісі Аяулым Белғожаева сынды әріптестері суретшінің шығармашылығы жайында өз ойларымен бөлісті.

Бағдарлама авторы: Ғазиза ҰЗАҚ