Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мемлекеттік қуыршақ театры «СНЕLoВЕК ТЕАТРА» VII Халықаралық театр фестиваліне шақырту алды

25 Ақпан 2019

Өнер ордамыз ағымдағы жылдың ақпан айының 26-шы жұлдызы мен 6 наурыз аралығында Ресей Федерациясы, Челябинск қаласында өтетін «СНЕLoВЕК ТЕАТРА» кіші формада сахналанатын спектакльдердің VII Халықаралық театр фестивалінде өнер көрсететінін хабарлаймыз.

Өнер ұжымы фестивальге Ш. Айтматовтың «АНА–ЖЕР АНА» қойылымымен қатысады.

Аталмыш спектакль 2 наурыз күні, сағат 15:00-де Н.Орлов атындағы академиялық драма театрының сахнасында фестиваль қатысушылары мен қонақтарының, сарапшылардың назарына ұсынылады.