Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"НАУРЫЗ ШЕРУ"

21 Наурыз 2019

Тіршіліктің бастауы, берекенің белгісі саналатын Наурыз мерекесі қарсаңында т.рлі ертегі кейіпкерлерінің кейпіне енген Мемлекеттік қуыршақ театрының қызметкерлері Алматы қаласының өнер ошақтарымен бірге, қала тұрғындары мен қонақтарына түркі халықтарына ортақ НАУРЫЗ мейрамын ұлықтады. Толассыз алғысқа бөленген театр ұжымы көпшілікке жыл он екі ай саналатын кейіпкерлерінің бейнесімен ерекше қуаныш сыйлады.