Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Халықаралық театр күніне орай қуыршақ театрының жас артистері алғыс хатпен марапатталды

27 Наурыз 2019

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан театрлары ассоциациясы президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және Кеңес одағының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры артистерін және қаламыздағы театрлардың жас артистерін төл мерекелерімен құттықтады. Осы ретте Дамира ИСА, Руслан АБУ, Шохан ҚҰЛНАЗАРОВ, Эльмира КУМАРОВА, Ақжол БЕЛҒОЖАЕВ сынды өнер ордамыздың жас шығармашылық иелері алғыс хаттармен марапатталды.