Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Бөбек" гуманитариялық колледжінде қуыршақ театры артистерімен кездесу өтті

5 Сәуір 2019

Мемлекеттік қуыршақ театры артистері бүгін "Бөбек" гуманитариялық колледжінде студенттермен кездесу өткізді. Сырлы сұхбат қуыршақ жүргізуден мастер-класс, ұтыс ойындарымен жалғасты.  Артистер әннен шашу шашып, поэзия оқумен де жастарға әсерлі кеш сыйлады. Театр тарихына, қойылымдарға қатысты сұрақтарына тұшымды жауап алған студенттер театр артистеріне алғыстарын білдірді.