Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театр артистері курсанттармен кездесу өткізді

10 Сәуір 2019

 Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері мен курсанттарымен кездесу өткізді. Қуыршақ жүргізуден шеберлік сағатын ұйымдастырып, үздік қойылымдардан үзінділер көрсетіп, поэзия оқып, әннен шашу шашқан өнер ордамыздың талантты артистері кездесу соңында көрермендерге ойындар ойнатып, белсенділеріне театр репертуарындағы қойылымдардың шақыру билеттерін ұсынды.