Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай ғимарат тарихымен таныстыру шарасы өтті

18 Сәуір 2019

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының қызметкерлеріне жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштердің бірі болып саналатын өнер ордасының тарихы тереңінен таныстырылды.

Театр ғимараты ең алғаш 1910 жылы Қоғамдық кеңестер үйіне арналып салынса, біраз уақыттан соң Қазақконцерт ұйымының меншігінде, ал 1935 жылдан бастап аталмыш ғимарат Қуыршақ театрына берілді. 2013 жылы театр ғимараты күрделі қайта жөндеуден өтіп, көрермендеріне өз есігін ашты. Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы №4/480 шешімімен
Мемлекеттік Қуыршақ театры Алматы қаласында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енді.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын осынау маңызды мерекеде Мемлекеттік қуыршақ театры ұжымының қызметкерлері бай мұрамызды қастерлеп, тарихи орындарымызды бағалауға шақырады.