Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Көңіл тілі – көркем сөз» көркем сөз оқу байқауының нәтижесі

29 Сәуір 2022

Мемлекеттік қуыршақ театры Балалар жылы аясында 2022 жылдың 16-25 сәуір күндері аралығында қазақ әдебеиетінің қайнар бұлағына айналған үздік туындылардың авторлары М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, З.Шашкин, Ә.Нұршайықов, С.Мәуленов, С.Шаймерденов сынды сөз зергерлерінің мерейтойларына орай «КӨҢІЛ ТІЛІ – КӨРКЕМ СӨЗ» атты қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің онлайн байқауын ұйымдастырды.

Байқауға қаламыздың Түрксіб, Медеу, Алатау аудандарына қарасты жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан және колледж студенттерінен 14-18 жас аралығындағы 50-ге жуық үміткерлер қатысты.

Үздіктер сараланған өнер бәйгесінде проза және драмалық шығармалардан ұсынылған  үзінділер нәтижесінде сарапшылар байқау талаптарына сәйкес төмендегі жеңімпаздарды анықтады:

I ОРЫН – ЖОМАРТБЕК ӘБЖАППАР, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті;

II ОРЫН – АБДИБЕК АҚБОТА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінің студенті;

II ОРЫН – ЗАМАНБЕК СЫМБАТ, Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

III ОРЫН – РАМАЗАНОВ НҰРБЕК, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті;

«ТЫҢ ІЗДЕНІС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША – ИМАНМАДИН АЙБЕК,  Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті;

«ЕРЕКШЕ ҮН» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША – ЖҰМАШ ДУЛАТ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті;

«ЖАҢА ТЫНЫС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША – ЖАҢАБАЙ БЕЙБАРЫС, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті.

Жеңімпаздар театр әкімшілігі атынан  арнайы ДИПЛОМДАРМЕН, тәлімгерлер АЛҒЫС ХАТТАРМЕН және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Заңғар тұлғалардың жауһар туындыларын дәріптеген байқауда үздік атанған барша жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!