Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театрының ұжымы арнайы марапаттауларға ие болды

31 Желтоқсан 2021

Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы 2021 жылда атқарған жұмысқа қорытынды жасап, алдағы жылдағы жоспарлармен бөлісті.
Жиын барысында: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ел игілігі жолындағы кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға және мәдениет пен өнер саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Қазақстан театр қайраткерлері Одағы Төралқасының шешімімен ТЕАТР ӨНЕРІНЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН "ДАРА" медалімен Ильясова Күлжамиля Айыпқызы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың АЛҒЫС ХАТЫМЕН театр директорының дамыту жөніндегі орынбасары Абдрахманов Алмат, театр артистері, Исмагулова Құралай, Чаелғанова Әсемгүл, Бейсембаева Гүлвира;
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаевтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН бас бухгалтер Жетібаева Бақытжан, әдебиет бөлімінің басшысы Ахметова Жазира, театр артистері Қаюов Бақытжан, Жақыпбаев Айдын, Момынжанова Ұлбосын, Кумарова Эльмира, бас инженер Шәріпов Төлеген;
«Руханият» кәсіподағы директоры Ислам Омаровтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН жарық беру бөлімінің басшысы Чужетов Қайрат, театр артистері Укарова Рауан, Өнімбай Гүлбаршын марапатталды.
Барша әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық өрлеу мен толағай табыстар тілейміз!