Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жаңа Жыл Құтты Болсын!

30 Желтоқсан 2017

Құрметті отандастар! Сіздерді ыстық ықыласпен, шын көңілмен келіп жеткен жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз. Жүрегімізге жаңа арман-тілектер ұялататын, ғажайыптар мен жаңа үміттерге жетелейтін сүйікті мерекеміз денімізге саулық, отбасымызға бақыт, шығармашылық шабыт, қызметте өрлеу мен әр ісімізге сәттілік әкелсін! Жаңа жыл беркелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

 

Құрметпен, Мемлекеттік қуыршақ театры

Алматы, 2017