Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театрының ұжымы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылады

16 Қаңтар 2018

16 қаңтар күні «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының негізгі міндеттерін талқылау аясында кезекті отырысын өткізді. Жиынға театр ұжымы толықтай қатысып, театр директоры Т.Есеналиев, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі С.Абуева, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ж.Ахметова жолдау туралы, жолдаудың он тармағы турасында талдау жасап, маңыздылығын аша түсті. Театр – мәдениет ошағы болғандықтан қоғамның идеалы болып әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет екендігін, ұлт болашағы балаларға рухани тәрбие беру міндеттерін жоғары деңгейде орындауымыз қажет екендігі айтылды. Театр ұжымы алда тұрған ұлы өзгерістер сөзсіз жағымды және тиімді деп есептейді. Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ж.Ахметова жолдауда межеленген он бағыт бойынша ұжымды таныстырып өтті.

 

  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған биылғы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталады. Ел басы жолдауда нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Жолдау аясында барлық бұқаралық ақпарат көздерінде, Ақорданың ресми сайтында және республикалық басылымдарда, сондай-ақ республикалық телеарналардың эфирінен елбасының өзі де мәлімдеме жасап «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс», – деді.

Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Олар:

1) Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2) Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3) «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4) Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5) Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6) Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7) Адами капитал – жаңғыру негізі.

8) Тиімді мемлекеттік басқару.

9) Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10) «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

  Бірінші кезекте Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп көрсетілген. . Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылады. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Сонымен қатар халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді, аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынғанын нақтылайды. Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс десе келесі 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

  Медицина. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек», – деді Президент. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.

  «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. 2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.

  Жемқорлық. Тиімді мемлекеттік басқару, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудағы негізгі басымдықтар. «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет», – деген болатын. Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Мемлекетіміздің жаңғыруына балаларға арналған қуыршақ театры және үлкен ұжым болғандықтан,өз үлесімізді қосу біздің де Қазақстан азаматы ретінде парызымыз. Бүгінде театр репертуарында жанры және мазмұны бір-біріне ұқсамайтын отыздан аса ертегі қойылымдар бар. Соның ішінде М.Супониннің «Сұғанақ ешкі», В.Орловтың «Алтын балапан» және жаңа қойылым Е.Жуасбектің «Тоба» қойылымдары осы тақырып аясында көрермендерге көрсетіліп келеді.

 Сондай-ақ Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа мақсаттар мен міндеттер, жаңа мүмкіндіктер халықтың болашаққа деген сенімін нығайтуда.

  Жолдау біріншіден «Қазақстан-2050» даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндеттерді алға қойып отыр. Қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесіне тоқталған. Сондай-ақ, онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелері қамтылған". Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлген. Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды. Заманауи даму жолдарды қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударылған.

  Бұл Жолдау жаңа әлемге төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін нендей жұмыстар істелуі қажеттігін айқындау жолындағы маңызды әрі айтулы қадам. Елбасы жариялаған басымдықтар мен міндеттер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық тұрғыда жаңғыртудың логикалық жалғасы іспеттес. Елбасы «Еліміз егемендік жылдарында үнемі жаһандық жаңа үрдістерді қолдап келеді. Мақсат – айқын. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыру», – деді. Жолдау әрқашанда даму капиталдың сапасын арттыру – мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты. Осы орайда Елбасы Жолдаудың жетінші негізгі міндетінде білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екендігін және бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру қажеттігін алға тартты. «Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, отандық жоғары оқу орындары ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұстаз дайындауды одан әрмен жаңа деңгейге көтере түсу қажет. Ауқымды жауапкершілікті абыроймен атқару педагогтарға жүктелген мәртебелі міндет.

  Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін алға тартты. Бұл осы аталған міндеттердің орнықты іске асуына ұйытқы болмақ. Жолдау қоғамның мүддесі мен негізгі мақсатын ескеретін стратегиялық тұрғыдан маңызды құжат. Себебі, Жолдауда көрсетілген басымдықтар ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес келеді. Сонымен қатар, Жолдау Қазақстанның әлемдегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне сеп болады».

  Қорытындылай келе жолдаудың нәтижесінде негізі жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуге шақырады. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.