Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жаңа жылдық қызықтар

22 Желтоқсан 2017

Ғажайыпқа толы ЖАҢА ЖЫЛ қарсаңында әрқайсымыздың басымыздан ұмытылмас қызықты сәттердің өтетіні хақ. Осы тұста ҚУЫРШАҚ театрының артистері ХАБАР арнасының «ЖАҢА КҮН» бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, қызықты естеліктерімен бөлісті.